11.06.2026 22:19

Мексика — ОАР матчының фавориті аталды

11.06.2026 22:19

Бүгін, 11 маусым күні күллі жаһан жұрты күткен Әлем чемпионаты басталады

Беташар матчта Мексика мен Оңтүстік Африка Мехикода өзара кім мықтыны анықтайды. Ойын 87 523 адам сыятын «Ацтека» стадионында өтеді.

Opta бұл ойында турнир қожайындарын фаворит санайды. Суперкомпьютер Мексиканың жеңісін 67,1%-ға бағалап отыр. Оңтүстік Африканың басым түсу ықтималдығы болса 13,5%-ды құрайды. Ал тең есеп тіркеледі дегенге 19.4% берілген.

Кездесуді сағат 00:00-де Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде тамашалай аласыздар.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram