22.08.2025 11:42
9
Матич мансабын Италияда жалғастырады
22.08.2025 11:42
9
Неманья Матич еркін агент ретінде «Сасуоллоға» ауысады
Қос тарап 2026 жылға дейінгі келісімшартқа қол қояды. Сондай-ақ, тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігі қарастырылған.
Матич өткен аптада клубсыз қалған еді. Сербиялық жартылай қорғаушының «Лионмен» келісімшарты бұзылды.
Тәжірибелі футболшы үшін А Сериясы таңсық лига емес. Матич осыған дейін 2022-2023 жылдары «Рома» сапында доп тепкен.
Ал «Сасуолло» жоғарғы дивизионға биыл оралды. Б Сериясының чемпиондары алғашқы турда өз алаңында «Наполиді» қабылдайды.