22.09.2025 17:09

Marca: «Түнде футбол әлемі шок болады»

22.09.2025 17:09

Бүгін, 22 қыркүйекте Францияның Париж қаласында 2025 жылғы «Алтын доп» иегері анықталады

Осы орайда Испанияның беделді газеті Marca мәлімдеме жасап, интриганы одан сайын арттырып қойды.

— «Алтын доптың» кімге бұйыратынын France Football бас редакторынан басқа тірі жан білмейді. Әлеуметтік желіде тарап жатқан қауесеттердің барлығы – жаңсақ ақпарат.

Бүгін кешке күллі футбол әлемі шок болады»,– делінген хабарламада.

Париждегі Шатле театрында өтетін «Алтын доп» табыстау кешіне санаулы сағаттар қалды. Марапаттау рәсімі 23:00-де басталады.

Еске салсақ, өткен жылы басты жүлдені «Манчестер Сити» жартылай қорғаушысы Родри жеңіп алған еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram