11.12.2025 03:05
«Манчестер Сити» «Реалды» тізе бүктірді
11.12.2025 03:05
УЕФА Чемпиондар лигасының 6-туры аясында «Манчестер Сити» сырт алаңда «Реалдан» басым түсті

«Сантьяго Бернабеу» стадионында өткен кездесуде 1:2 есебі тіркелді. Алаң иелері сапынан Родриго гол соғып есеп ашса, оған Нико О'Райли мен Эрлинг Холанд жауап қайырды.
Осылайша 13-ұпайын олжалаған Манчестердің клубы турнир кестесінде төртінші орынға жайғасты. Ал еншісінде 12 ұпайы бар «бланкос» болса жетінші орында келеді.
Келесі турда Пеп Гвардиола шәкірттері «Будё/Глимтке» қонаққа барса, Хаби Алонсоның жігіттері «Монаконы» қабылдайды.