11.12.2025 01:29

«Қайрат» Чемпиондар лигасында соңғы орынға түсіп қалды

11.12.2025 01:29

Чемпиондар лигасының 6-туры аясында «Аякс» сырт алаңда «Қарабахтан» басым түсті

Бакуде өткен кездесуде Амстердамның клубы 4:2 есебімен жеңіске жетіп, алғашқы үш ұпайын еншіледі.

Осылайша «Аякс» турнир кестесінде 36-орыннан бірден 33-ке көтерілді. Салдарынан осыған дейін 35-сатыда тұрған «Қайрат» соңғы позицияға түсіп қалды.

Айта кетейік, «сары-қаралардың» еншісінде алты ойыннан кейін бір ұпай бар. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері «Пафоспен» (0:0) тең түсіп, «Олимпиакос» (0:1), «Копенгаген» (2:3), «Интер» (1:2) және «Реалға» (0:5) есе жіберген еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram