16.07.2026 13:53
«Манчестер Сити» ойыншысы «Эвертонға» ауысуы мүмкін
16.07.2026 13:53
«Манчестер Сити» қорғаушысы Рико Льюис «Эвертонға» ауысуы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 21 жастағы англиялық ойыншыны бас бапкер Дэвид Мойес аттай қалап отыр. Мойеске оның әмбебаптығы қатты ұнайды екен.
«Манчестер Сити» де Льюиспен қоштасуға қарсы емес. Трансфер құны 30 миллион фунт стерлингті құрауы мүмкін.
Льюис – «Манчестер Сити» түлегі. Ол өткен маусымда 22 матчта екі гол соғып, үш нәтижелі пас берді.