16.07.2026 13:25
Кристиан Ромероға «Барселона» көз тікті
16.07.2026 13:25
«Тоттенхэм» қорғаушысы Кристиан Ромеро осы жазда клубтан кетуі мүмкін

Экрем Конурдың хабарлауынша, оған «Барселона» көз салып отыр және қатарына тезірек қосқысы келеді. Ал «Тоттенхэм» капитанын 50 миллион фунт стерлингке бағалайды.
28 жастағы Аргентина құрамасының ойыншысы «Тоттенхэм» намысын 2022 жылдан бері қорғап келеді. Ол өткен маусымда 32 матчта алты гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.