16.12.2025 11:48
«Манчестер Сити» топ-қорғаушы алмақ
16.12.2025 11:48
«Кристал Пэлас» қорғаушысы Марк Гехи мансабын «Манчестер Ситиде» жалғастыруы мүмкін

The Times хабарлауынша, Манчестер клубының басшылығы 25 жастағы Англия құрамасының ойыншысын аттай қалап отыр.
Гехи 30 маусымда аяқталатын келісімшартын ұзартпай, команда ауыстырғысы келеді. «Кристал Пэлас» та оны жақсы ұсыныс түскен жағдайда сатып жіберуге әзір.
Маркқа көз тіккендердің қатарында одан бөлек «Бавария», «Барселона», «Атлетико» және АПЛ-дың бірқатар клубы бар. Талас қызу болғандықтан, трансфер қыста болуы бек мүмкін.
Айта кетейік, Гехи осы маусымда 25 матчта екі гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.