16.12.2025 09:48
«Барселона» тағы бір ойыншыға көз тікті
16.12.2025 09:48
«Барселона» Мойзе Кинге қызығушылық танытуда

Каталония ұжымы шабуыл шебін күшейту бағытында жұмысын жалғастырып жатыр. Calciomercato мәліметінше, клуб «Фиорентина» сапында ойнап жүрген шабуылшы Мойзе Киннің жағдайын бақылауда ұстап отыр.
25 жастағы футболшының жасы мен ойын стилі «Барселонаның» қазіргі даму стратегиясына сай келеді. Клуб жас әрі әлеуеті жоғары ойыншыларға басымдық беріп отырғаны белгілі, ал Кин осы талаптарға толық сәйкес келеді.
Ақпаратқа сәйкес, футболшының агенттері клуб басшылығымен келіссөздер жүргізіп үлгерген. Қаңтар айында ойыншыны «Барселона» сапынан көруіміз бек мүмкін. Мойзе Кин бұған дейін «Ювентус», «ПСЖ» секілді клубтарда ойнап, жоғары деңгейдегі тәжірибесімен көзге түскен.