19.11.2025 12:16
«Манчестер Юнайтед» топ-шабуылшы алмақ
19.11.2025 12:16
Кәрім Адейеми Дортмундтың «Боруссиясынан» кетуі мүмкін

Sky Sports Germany хабарлауынша, 23 жастағы футболшының агенті Жорже Мендеш бірқатар клубпен келіссөз жүргізіп жатыр. Олардың қатарында «Манчестер Юнайтед» те бар екен.
Германия құрамасының вингері мен «Боруссия» арасындағы келісімшарт 2027 жылдың 30 маусымына дейін жарамды.
Адейеми осы маусымда 14 ойында үш гол соғып, үш нәтижелі пас берді.