11.12.2025 17:07
«Манчестер Юнайтед» ойыншысы Италияның клубына ауысуы мүмкін
11.12.2025 17:07
«Манчестер Юнайтед» шабуылшысы Джошуа Зиркзее мансабын Италияда жалғастыруы мүмкін

La Gazetta dello Sport хабарлауынша, 24 жастағы форвардқа «Рома» қызығушылық танытып отыр. Қазір қос тарап арасында ресми келіссөз басталып кетіпті. Римнің клубы Нидерланд ойыншысын 30 миллион фунтқа сатып алу құқығымен жалға алуды жоспарлап отыр. Ал Зиркзеенің өзі Манчестерде қала бергісі келеді екен.
Айта кетейік, Зиркзее осы маусымда тоғыз матчқа қатысып, бір гол соқты.