31.07.2026 17:02

Магнес Аклиуш ПСЖ-ға ауысуға жақын

31.07.2026 17:02

Магнес Аклиуш жақында ПСЖ ойыншысы атанады

Бен Джейкобстың хабарлауынша, Париждің клубы 24 жастағы француз вингерін «Монакодан» 50 миллион еуроға сатып алады. Оның сегіз миллионы бонус ретінде жүреді екен. Қос тарап толыққанды келісімге келді және жақында Аклиуш 2031 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қояды.

Магнес өткен маусымда 43 матчта жеті гол соғып, 11 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram