31.07.2026 14:44
Каземиро: «Месси – футболдың құдайы»
31.07.2026 14:44
Жақында «Интер Майамиге» еркін агент ретінде ауысып келген Каземиро командаласы Лионель Мессиге қатысты пікір білдірді

«Мен мұнда футбол тарихындағы ең үздік ойыншымен бірге ойнау үшін келдім. Мен Мессимен бірге ойнаудан ләззат алғым келді. Ол – футболдың құдайы және оның жетістікке жетуі үшін барымды салып көмектесемін.
«Манчестер Юнайтедтен еркін агент ретінде кеттім. Маған Италиядан және өзге клубтардан ұсыныс түсті, бірақ мен «Интер Майамиді» таңдадым»,– деді 34 жастағы бразилиялық жартылай қорғаушы.
Каземиро 26 шілде күні «Монреальға» қарсы кездесуде дебют жасап, толық 90 минут ойнады. Ал Месси флоридалықтардың намысын 2023 жылдан бері қорғап келеді.