31.07.2026 13:08
Франко Барези дүниеден өтті
31.07.2026 13:08
«Милан» мен Италия құрамасының бұрынғы қорғаушысы Франко Барези өмірден озды

1982 жылғы Әлем чемпионы бүгін, 31 шілде күні таңертең 66 жасында дүние салды.
Барези – «Миланның» төл түлегі. Ол бүкіл мансабын «россонериге» арнап, сол клубтың намысын 20 жыл қорғады. Осы аралықта жалпы 716 матчта 33 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Италияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында үш мәрте топ жарды және одан бөлек тағы 11 трофей жеңді. Ал Ұлттық құрама сапында 81 матчқа қатысып, бір гол соқты.