27.02.2026 17:32
Лукас Васкес қатардан шықты
27.02.2026 17:32
«Байер» қорғаушысы Лукас Васкес жарақат алды

34 жастағы испаниялық ойыншы «Олимпиакосқа» (0:0) қарсы матчта оң аяғының балтыр бұлшық етін зақымдап алыпты. Осыған байланысты бірнеше апта командасына көмектесе алмайды.
Васкес «Байерге» өткен жазда «Реалдан» ауысып келген еді. Ол осы маусымда 15 матчта бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.