27.02.2026 15:35
Фримпонг қатарға оралды
27.02.2026 15:35
«Ливерпуль» қорғаушысы Джереми Фримпонг қатарға оралды

25 жастағы қорғаушы жарақатынан құлан-таза айықты және алдағы матчтарға қатысуға дайын.
Ол осыған дейін 29 қаңтар күні «Қарабахқа» (6:0) қарсы ойында тізе астындағы сіңірін үзіп алып, содан бері бес матчтан тыс қалған еді.
Ал бұлшық еті мазалап жүрген Флориан Вирц ертең, 28 ақпанда өтетін «Вест Хэммен» матчта ойнамайды.