27.02.2026 12:01
Роберто Мартинес «Манчестер Юнайтедті» тізгіндеуі мүмкін
27.02.2026 12:01
Португалия құрамасының бас бапкері Роберто Мартинес «Манчестер Юнайтедті» тізгіндеуі мүмкін

Бен Джейкобстың хабарлауынша, манкуниандықтар оны үміткерлер тізіміне қосып қойды. Мартинес Әлем чемпионатынан кейін ғана бос болады.
«Қызыл сойқандарды» 13 қаңтардан бері Майкл Кэррик жаттықтырып келеді. Оның тұсында команда бес рет жеңіске жетіп, бір мәрте тең ойнады.
27 турдан кейін 48 ұпай жинаған «Манчестер Юнайтед» Ағылшын Премьер-лигасында төртінші орында тұр.