16.09.2026 22:54
Луис де ла Фуэнте Испаниямен келісімшартты ұзартты
16.09.2026 22:54
Луис де ла Фуэнте Испания құрамасын әлі біраз жаттықтырады

Өйткені қос тарап келісімшартты 2030 жылдың 31 шілдесіне дейін ұзартты.
65 жастағы жергілікті маман «қызыл фурияны» 2023 жылы тізгіндеген еді. Оның тұсында команда 39 рет жеңіске жетіп, жеті мәрте тең ойнаса, үш матчта қарсыласына жол берді. Сондай-ақ Луистің жетекшілігінде құрама Ұлттар лигасы (2023), Еуропа чемпионаты (2024) және Әлем чемпионатында (2026) топ жарды.