16.09.2026 15:33

«Барселона» ойыншысына «Ливерпуль» ұсыныс жасады

16.09.2026 15:33

«Барселона» жартылай қорғаушысы Френки де Йонг «Ливерпульге» ауысуы мүмкін

El Nacional хабарлауынша, Мерсисайдтың клубы «Барселонаға» Де Йонг үшін 40 миллион еуро ұсыныпты. Бірақ «блауграна» оны қабылдамай, 70 миллион еуро сұрап отыр. Каталонияның командасы Френкимен қош айтысуға дайын.

Осыған дейін 29 жастағы ойыншы Нидерланд құрамасының сапында тізесін жарақаттап алған еді. Соның салдарынан ол осы маусымда әлі алаңға шыққан жоқ.

Еске салсақ, Де Йонгты «Барселона» 2019 жылы «Аякстан» 86 миллион еуроға сатып алған.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram