10.04.2026 18:28
Лучано Спаллетти «Ювентусте» қалды
10.04.2026 18:28
«Ювентус» бас бапкері Лучано Спаллетти клубта қалды

Қос тарап 2028 жылдың 30 маусымына дейін жарамды келісімшартқа қол қойды.
67 жастағы италиялық маман Турин клубының тізгінін 2025 жылдың 30 қазанында ұстаған еді. Осы аралықта команда 17 рет жеңіске жетіп, сегіз мәрте тең түссе, алты ойында қарсыласына жол берді.
31 турдан кейін 57 ұпай жинаған «бьянконери» Италия А Сериясында бесінші орында келеді.