07.12.2025 00:47
«Ливерпуль» жеңіске жете алмады
07.12.2025 00:47
Ағылшын Премьер-лигасының 15-турында «Ливерпуль» сырт алаңда «Лидспен» тең түсті

Лидсте өткен матчта 3:3 есебі тіркелді. Мерсисайд клубының құрамында Уго Экитике дубль жасаса, Доминик Собослаи бір гол соқты.
Осылайша 23-ұпайына қол жеткізген «қызылдар» турнир кестесінде сегізінші орынға жайғасты.
Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 13 желтоқсанда «Брайтонды» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Чемпиондар лигасында «Интермен» ойын болды.