01.02.2026 03:32
«Ливерпуль» «Ньюкаслды» тізе бүктірді
01.02.2026 03:32
Ағылшын Премьер-лигасының 24-турында «Ливерпуль» өз алаңында «Ньюкаслды» 4:1 есебімен жеңді

«Энфилд» стадионында өткен кездесудің есебін Энтони Гордон ашқан еді. Алайда оған Уго Экитике (дубль), Флориан Вирц және Ибраима Конате жауап қайтарды.
Осылайша 39-ұпайына қол жеткізген Мерсисайдтың клубы турнир кестесінде бесінші орынға көтерілді.
Арне Слоттың шәкірттері келесі турда 8 ақпан күні «Манчестер Ситиді» қабылдайды.