01.02.2026 00:36
«Челси» ғаламат камбэк жасады
01.02.2026 00:36
Ағылшын Премьер-лигасының 24-турында «Челси» өз алаңында «Вест Хэмді» тізе бүктірді

«Стэмфорд Бридж» стадионында өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Матчтағы алғашқы екі голды қонақтардың сапында Джаррод Боуэн мен Крисенсио Саммервилл соққан еді. Алайда оған Жоау Педро, Марк Кукурелья және Энцо Фернандес жауап қайтарды. Сондай-ақ ойынның соңында Жан-Клер Тодибо алаңнан қуылып кетті.
Осылайша «көктер» 40-ұпайына қол жеткізіп, турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді.
Лиам Росеньор шәкірттері келесі турда 7 ақпан күні «Вулверхэмптонға» қонаққа барады. Ал одан төрт күн бұрын Лига кубогының жартылай финалында «Арсеналмен» күш сынасады.