31.01.2026 22:06
«Арсенал» «Лидсті» тас-талқан етті
31.01.2026 22:06
Ағылшын Премьер-лигасының 24-турында «Арсенал» сырт алаңда «Лидсті» 4:0 есебімен ойсырата жеңді

«Зеңбірекшілердің» сапында Мартин Субименди, Виктор Дьокереш және Габриэль Жезус қақпа торын тулатты. Сондай-ақ «Лидс» голкипері Карл Дарлоу автогол авторы атанды.
Осылайша 53-ұпайын олжалаған Лондонның клубы турнир кестесінде көш басындағы орнын нықтай түсті.
Микель Артетаның шәкірттері келесі турда 7 ақпан күні «Сандерлендті» қабылдайды. Ал одан төрт күн бұрын Лига кубогының жартылай финалында «Челсимен» шеберлік байқасады.