14.10.2026 23:35

«Ливерпуль» ЛАСК-ты ойсырата жеңді

14.10.2026 23:35

Чемпиондар лигасының екінші турында «Ливерпуль» сырт алаңда ЛАСК-ты тізе бүктірді

Аустрияның Линц қаласында өткен кездесуде Мерсисайдтың клубы 6:3 есебімен жеңіске жетті. «Қызылдардың» сапында Брэдли Барколя хет-трик жасаса, Жереми Фримпонг, Льюис Кумас және Рональд Араухо бір голдан соқты.

Осылайша «Ливерпуль» алтыншы ұпайына қол жеткізді. Бұған дейін Андони Ираоланың командасы «Энфилдте» «Атлетиконы» (2:1) жеңген еді. Келесі турда команда 20 қазан күні «Вильярреалды» қабылдайды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram