14.10.2026 14:53

Рафинья «Бетиске» қарсы матчқа қатыспайды

14.10.2026 14:53

«Барселона» шабуылшысы Рафиньяның жағдайы белгілі болды

29 жастағы форвард Бразилия құрамасының сапында Аустралияға қарсы жолдастық кездесуде (4:2) сол аяғының бұлшық етін жарақаттап алған еді.

Осыған байланысты ол «Хетафеге» (3:0) мен «Галатасарайға» (4:1) қарсы ойыннан тыс қалды. Diario Sport хабарлауынша, Рафинья 17 қазанға жоспарланған ішкі біріншіліктегі «Бетиске» қарсы ойынға да қатыспайды. Каталонияның клубы оны Чемпиондар лигасындағы ПСЖ-мен (20 қазан) кездесуге 100% дайын болғанын қалайды.

«Блауграна» Рафиньяны 2022 жылы «Лидстен» 58 миллион еуроға сатып алған еді. Ол осы маусымда сегіз матчта 14 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram