17.12.2025 17:34

Левандовски MLS клубына ауысуы мүмкін

17.12.2025 17:34

«Барселона» шабуылшысы Роберт Левандовски мансабын MLS-те жалғастыруы мүмкін

BBC Sport хабарлауынша, 37 жастағы форвард «Чикаго Файрмен» келіссөз жүргізіп жатыр. Чикагоның клубы оны жазда қатарына қосқысы келеді. Олар Робертті жалақы жағынан ренжітпейді екен. Сәйкесінше Левандовски де клуб ауыстыруға дайын.

Одан бөлек Польша құрамасының капитанына «Интер Майами» мен Сауд Арабиясының бірқатар клубы қызығушылық танытуда.

Левандовски осы маусымда 17 ойында сегіз гол соғып, екі нәтижелі пас берді. Оның «Барселонамен» келісімшарты 30 маусымға дейін жарамды.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram