30.01.2026 14:55
Леон Горецка «Бавариядан» кетеді
30.01.2026 14:55
Леон Горецка келер жазда «Бавариядан» кетеді

Қос тарап 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпайтын болды.
30 жастағы неміс жартылай қорғаушысы Мюнхеннің клубына 2018 жылы «Шалькеден» ауысып келген еді. Осы аралықта 292 матчта 47 гол соғып, 48 нәтижелі пас берді. Сондай-ақ Германияның алты дүркін чемпионы атанып, Чемпиондар лигасында топ жарды.