30.01.2026 11:59

Фримпонг бірнеше ай ойнамайды

30.01.2026 11:59

«Ливерпуль» қорғаушысы Джереми Фримпонгтың жағдайы белгілі болды

25 жастағы Нидерланд ойыншысы «Қарабахқа» (6:0) қарсы ойында тізе астындағы сіңірін үзіп алған еді.

Anfield Papers хабарлауынша, ол осыған байланысты 3-4 ай көлемінде командасына көмектесе алмайды.

Бұл оның осы маусымдағы төртінші жарақаты болды. Осыған дейін 88 күні емделуге кетіп, 18 матчтан тыс қалған.

Фримпонг Мерсисайдтың клубына өткен жазда «Байерден» 40 миллион еуроға ауысып келген еді. Ол содан бері 19 матчта екі гол соғып, бір нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram