30.01.2026 10:36
Стерлингке екі клуб көз тікті
30.01.2026 10:36
Рахим Стерлингке екі клуб көз тігіп отыр

Daily Mail хабарлауынша, 31 жастағы ағылшын вингеріне «Тоттенхэм» мен «Ювентус» қызығушылық танытуда. Стерлинг тезірек жаңа клубқа ауысып алғысы келеді. Ол тіпті «Челсиде» тапқан табысынан үш есе кем жалақы алуға да көніп отыр екен.
Осыған дейін екі күн бұрын, 28 қаңтарда Рахим «Челсиден» кеткен еді. Қос тарап 2027 жылға дейін жарамды болған келісімшартты мезгілінен бұрын бұзды.
Ал осы маусымда ол бірде-бір матчқа шықпады. Стерлинг былтыр «Арсеналда» жалда ойнап, 28 матчта бір гол соғып, бес нәтижелі пас берген.