12.09.2025 20:27

«Легия» клубы Аян Байдәулетовке қызығып отыр

12.09.2025 20:27

«Серый CARDINAL» telegram-арнасының хабарлауынша, «Ақтөбенің» жартылай қорғаушысына варшавалық «Легия» клубының көзі түскен.

Конфедерация лигасы аясында «Легия» мен «Ақтөбе» (1:0) арасындағы матчта поляк клубы ақтөбелік академия түлегіне назар аударған. Бұдан бұрын БАҚ өкілдері 21 жасқа дейінгі Қазақстан жастар құрамасының ойыншысына «Қайрат» та қызыққанын жазған еді.

Айталық, Байдәулетов 8 қыркүйек күні жастар құрамасында дебют жасап, Англияқа қарсы кездесуде алаңға шықты. Ал ҚПЛ-да алғаш рет мамыр айында «Жеңіспен» өткен матчта бой көрсетті. 30 мамырда «Қайратқа» қарсы ойында гол соқты.

Айзат Айдарқызы

Айзат Айдарқызы

InstagramInstagram