21.08.2025 11:47

26

«Леганес» футболшысы декреттік демалыс алмақ

21.08.2025 11:47

26

«Леганес» футбол клубының ойыншысы Хуан Крус декреттік демалысқа шыққысы келеді

Marca газетінің хабарлауынша, футболшының мұндай қадамға баруына клубтың оны «Райо Вальеканоға» сатудан бас тартқаны себеп болған. Осыған байланысты Крус уақытша спорттық мансабын доғарып, бар назарын бала күтіміне арнауды жөн көрген екен.

25 жастағы жартылай қорғаушының екінші дивизиондағы клубта ойнауға құлқы жоқ. Ойыншыға Ла Лиганың бірқатар ұжымынан ұсыныс түскен. Алайда, «Леганес» футболшысын 10 млн еуродан төмен бағаға сатуға келіспей отыр.

Хуан Крус «Леганеске» 2024 жылдың ақпан айында қосылған. Содан бері ол команда сапында 55 матч өткізіп, 12 гол соғып, 7 нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram