09.06.2026 14:57
Леауға топ-клубтан ұсыныс түсті
09.06.2026 14:57
«Милан» вингері Рафаэль Леау «Челсиге» ауысуға жақын

Corriere dello Sport хабарлауынша, Лондонның клубы «Миланға» 60 миллион еуро көлемінде ресми ұсыныс жолдапты. Енді «россонерри» ойланып, жақында жауабын айтады.
Осыған дейін Леау клуб ауыстырғысы келетінін айтқан еді. Сондай-ақ ол АПЛ немесе Ла Лигада ойнауды қалайтынын жасырмады. 26 жастағы португалиялық ойыншы осы маусымда 31 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді.