05.06.2026 17:43

Леау: АПЛ немесе Ла Лигада ойнағым келеді

05.06.2026 17:43

«Милан» вингері Рафаэль Леау болашағына қатысты пікір білдірді

«А Сериясынан басқа чемпионатта бақ сынап көргім келеді. Мен Ағылшын Премьер-лигасын жіті бақылаймын. Егер АПЛ немесе Ла Лигада ойнау мүмкіндігі туса, менен бақытты адам болмас еді. Себебі онда менің талантым толықтай ашылады. Жазда не боларын көреміз»,– деді Леау.

«Россонерри» Леауды 2019 жылы «Лилльден» 49,5 миллион еуроға сатып алған еді. 26 жастағы португалиялық ойыншы осы маусымда 31 матчта 10 гол соғып, үш нәтижелі пас берді. Бұған дейін Рафаэль «Миланнан» кеткісі келетінін айтқан еді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram