07.10.2025 17:17
Кросс «Барселонаның» осал тұсын атады
07.10.2025 17:17
«Реалдың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Тони Кросс «Барселонаға» қатысты пікір білдірді
— «Еуропадаға ең әдемі ойын стилі осы «Барселонада» деп айта аламын. Бірақ, қатарында Ямаль, Педри не Рафинья болмаса каталондықтардың күні қараң. Кез-келген команда ұтып кетуі мүмкін.
Өткен маусымда тура осындай жағдайға байланысты Чемпиондар лигасының жартылай финалында «Интерге» жол беріп қойған еді»,– деді Кросс.
Кросс жалпы мансабында «Барселонаға» қарсы 28 кездесу өткізген. Оның 14-де басым түссе, 11-де жеңіліс тапты. Ал үш кездесуде тең нәтиже тіркелді. Неміс футболшысы «блаугранаға» қарсы матчтарда бір гол соғып, үш нәтижелі пас берді.