26.03.2026 22:24

Компани «Манчестер Ситиді» тізгіндеуі мүмкін

26.03.2026 22:24

«Манчестер Сити» осы жазда бапкер ауыстыруы мүмкін

Football Insider хабарлауынша, қазіргі тәлімгер Пеп Гвардиола маусым аяқталысымен командадан кетеді. Ал оның орнын басуға «Баварияны» жаттықтыратын Венсан Компани басты үміткер екен.

Компани футболшы ретінде «қалалықтардың» намысын 2008-2019 жылдары аралығында қорғаған еді. Осы аралықта ол жалпы 360 матч өткізіп, 20 гол мен 10 нәтижелі пастың авторы атанды. Бельгиялық қорғаушы командамен Англияның төрт дүркін чемпионы атанып, одан бөлек тағы сегіз трофей жеңді.

Ол 2024 жылдың шілдесінен бері «Баварияны» баптайды. Компанидің командасы Бундеслиганың 27 турынан кейін 70 ұпай жинап, турнир кестесінде жеке-дара көш бастап тұр.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram