07.12.2025 13:50

Коке 500-матчын өткізді

07.12.2025 13:50

Ла Лиганың 15-турында «Атлетико» «Атлетикке» 0:1 есебімен жеңіліп қалды

Бұл Коке үшін «Атлетико» сапындағы Ла Лигадағы 500-матчы болды.

33 жастағы испан жартылай қорғаушысы Мадрид клубының намысын 2011 жылдан бері қорғап келеді. Осы аралықта Испания чемпионатында 38 гол соғып, 94 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, 16 турдан кейін 31 ұпай жинаған «Атлетико» ішкі біріншілікте төртінші орында келеді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram