07.12.2025 08:01

Барджи алғашқы голын соқты

07.12.2025 08:01

20 жастағы Барджи «Барселона» үшін дебюттік голын соқты

«Барселонаның» шабуылшысы Руни Барджи Ла Лиганың 15-туры аясындағы «Бетиске» қарсы өткен матчта (5:3) қарсылас қақпасынан саңылау таба білді.

20 жастағы ойыншы алғашқы минуттардан алаңға шықты. Ол ойынның 31-минутында гол соғып, өз командасын алға шығарды. Руни сондай-ақ 13-минутта Ферран Торреске нәтижелі пас берген еді.

Бұл Барджидің клубтағы дебюттік голы болды. Ол жазда «Копенгагеннен» 2,5 млн еуроға сатып алынған еді.

Биылғы маусымда ол клуб үшін 10 матч өткізіп, 1 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram