07.12.2025 07:44

«Лидс» ойыншысы қатарынан үшінші ойында гол соқты

07.12.2025 07:44

Кэлверт-Льюин АПЛ-дағы соңғы 3 матчында гол соқты

«Лидс» шабуылшысы Доминик Кэлверт-Льюин АПЛ-дың 15-туры аясындағы «Ливерпульге» қарсы өткен матчта (3:3) пенальтиден гол соқты.

28 жастағы ағылшын футболшысы кездесудің 73-минутында есеп айырмасын қысқартты.

Ол чемпионаттағы соңғы 3 матчының әрқайсысында қарсылас қақпасынан саңылау таба білді. «Ливерпульден» бөлек, «Челси» мен «Манчестер Сити» қақпасына да гол енгізді.

Әділет Жұмагелді

Әділет Жұмагелді

InstagramInstagram