12.05.2026 18:13
Карвахаль Әлем чемпионатына қатыспайды
12.05.2026 18:13
Бүгін, 12 мамыр күні Испания құрамасы Әлем чемпионатына қатысатын ойыншылардың кеңейтілген тізімін жариялады

Одан Дани Карвахаль тыс қалды. Бас бапкер Луис де ла Фуэнте 55 ойыншыдан тұратын тізімге «Реал» қорғаушысын қоспады. Сондай-ақ бұл қатарға «Комо» шабуылшысы Альваро Мората да кірмеді.
Карвахальдың Мадрид клубымен келісімшарты 30 маусымда аяқталады және оны ұзарту жөнінде келіссөз жүріп жатқан жоқ.
«Қызыл фурия» биылғы мундиальда Кабо-Верде, Сауд Арабиясы және Уругваймен бірге Н тобында ойнайды.