07.10.2025 08:50
Кападзе Каннавароға қатысты пікір білдірді
07.10.2025 08:50
Өзбекстанның бұрынғы бапкері Тимур Кападзе ұлттық құрамаға жаңа тәлімгер тағайындалуына қатысты ойымен бөлісті
— Ұлттық құрамаға сәттілік тілеймін! Төрт жылдан аса Өзбекстанда жұмыс істедім. Қызметімді жақсы атқардым деген ойдамын. Жаңа бас бапкерге табыс тілеймін! Биыл және келесі жылы оқу-жаттығу жиындарында командамен бірге боламын. Қалғанын уақыт көрсетеді,– деді Өзбекстан құрамасының бұрынғы бас бапкері.
Кападзе Өзбекстан құрамасын қаңтар айынан бері тізгіндеген еді. Оның жетекшілігімен команда тарихында алғаш рет әлем чемпионатына жолдама алды.
Ал жаңа бас бапкер Каннаваро бұған дейін «Әл-Ахли», «Әл-Наср», «Динамо» Загреб, «Удинезе» сынды клубтармен Қытай құрамасын жаттықтырған.