24.12.2025 14:54

Йылдыз АПЛ клубына ауысуы мүмкін

24.12.2025 14:54

«Ювентус» вингері Кенан Йылдыз мансабын Англияда жалғастыруы мүмкін

TEAMtalk хабарлауынша, 20 жастағы футболшыны «Челси» мен «Тоттенхэм» бақылап отыр. Қазіргі таңда Түркия ойыншысы «Ювентуспен» келісімшартты ұзарту туралы келісімге келе алмай жатыр. Йылдыз клубтан қазіргі табысынан біршама көп жалақы сұрайды.

Егер қос тарап мәмілеге келе алмаса, Кенан қыста клуб ауыстыруы мүмкін. Трансфер құны шамамен 90 миллион еуроның айналасында болады деп күтілуде.

Йылдыз осы маусымда 22 матчта алты гол соғып, алты нәтижелі пас берді.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram