02.07.2026 12:45

Юри Тилеманстың голы тарихқа енді

02.07.2026 12:45

Бельгия жартылай қорғаушысы Юри Тилеманс рекорд орнатты

29 жастағы «Астон Вилла» ойыншысы Әлем чемпионатының 1/16 финалындағы Сенегалға (3:2) қарсы ойында 124-минуттың 43-секундында пенальтиден гол соқты.

Осылайша Юри мундиаль тарихында ең кеш соғылған голдың авторы атанды. Бұған дейінгі рекордты (120 минут, 49 секунд) 2014 жылғы додада Алжир ойыншысы Абдельмалек Джабу Германияға қарсы матчта тіркеген еді.

Бельгия келесі кезеңде АҚШ-пен күш сынасады. Матч 7 шілде күні Сиэттл қаласында өтіп, сағат 05:00-де басталады.

Азамат Бақи

Азамат Бақи

InstagramInstagram