02.07.2026 03:57
Бельгия ғаламат камбэк жасады
02.07.2026 03:57
Әлем чемпионатының 1/16 финалында Бельгия Сенегалды қапы қалдырды

АҚШ-тың Сиэтл қаласында өткен кездесуде 3:2 есебі тіркелді. Хабиб Диарра мен Исмаилла Сарр Сенегалды алға шығарған еді. Бірақ Ромелу Лукаку мен Юри Тилеманс таразы басын теңестірді. Ал экстра-таймда Тилеманс 120+5-минутта пенальтиден гол соғып, командасына жеңіс сыйлады.
«Қызыл сойқандар» келесі кезеңде АҚШ – Босния және Герцеговина жұбының жеңімпазымен кездеседі.