02.08.2026 21:10
«Интер Майами» Де Брюйнеге көз тікті
02.08.2026 21:10
«Наполи» жартылай қорғаушысы Кевин де Брюйне ат басын АҚШ-қа бұруы мүмкін

Mundo Deportivo хабарлауынша, оған «Интер Майами» қайтадан көз салып отыр. Бұған дейін MLS клубы Кевинмен 2025 жылдың жазында келіссөз жүргізіп көрген. Флоридалықтардың президенті Дэвид Бекхэм 35 жастағы бельгиялық ойыншыны әлі де өз командасында көргісі келеді.
Де Брюйне Неапольдің клубына өткен жазда еркін агент ретінде келген еді. Ол содан бері Италияның командасында 21 матчта бес гол соғып, төрт нәтижелі пас берді. Ал оған дейін «Манчестер Сити», «Вольфсбург», «Челси», «Вердер» және «Генкте» ойнаған.