24.02.2026 08:21
Гризманн MLS клубына ауысуға жақын
24.02.2026 08:21
«Атлетико» шабуылшысы Антуан Гризманн ат басын АҚШ-қа бұрады

Фабрицио Романоның хабарлауынша, 34 жастағы француз «Орландо Ситимен» келіссөз жүргізіп жатыр. MLS клубы Антуанды алдағы аптада қатарға қосуды көздеп отыр.
Гризманн осы маусымда 35 матчта 12 гол соғып, екі нәтижелі пас берді.