23.02.2026 20:30
Джанлука Престианни футболдан шеттетілді
23.02.2026 20:30
UEFA «Бенфика» вингері Джанлука Престианниді футболдан уақытша шеттетті

20 жастағы аргентиналық ойыншыны қазір Винисиус Жуниорға «маймыл» дегені үшін тергеп жатыр.
Осыған байланысты ол «Реалға» қарсы қарымта матчқа қатыспайтын болды.
«Бенфика» мен «Реал» арасындағы Чемпиондар лигасы плей-офф кезеңінің қарымта матчы 25 ақпанға жоспарланған. Лиссабонда өткен алғашқы кездесуде «бланкос» 1:0 есебімен жеңіске жеткен еді.