01.12.2025 09:57
Гарначо АПЛ-дегі 100-матчын өткізді
01.12.2025 09:57
«Челси» вингері Алехандро Гарначо мерейлі межені бағындырды

21 жастағы шабуылшы «Арсеналға» (1:1) қарсы дербиде 45 минут ойнады.
Осылайша Аргентина футболшысы Ағылшын Премьер-лигасындағы 100-матчын өткізді.
Ол «Челси» мен «Манчестер Юнайтедте» жүріп ішкі біріншілікте 17 гол мен 12 ассисттің авторы атанған.