01.12.2025 08:50
Франция чемпионатында ерекше жайт тіркелді
01.12.2025 08:50
Франция Бірінші лигасының 14-турында «Ланс» сырт алаңда «Анжені» 2:1 есебімен жеңді

Осылайша «Ланс» 2004/05 жылғы маусымнан бері алғаш рет турнир кестесінде бірінші орынға көтерілді. Ол кезде 3-турда дес бермей тұрған.
Ал бұған дейін ПСЖ көш бастап келген еді. Париждің клубы сенбі күні «Монакоға» (0:1) жеңіліп қалды.
Ланстың клубы келесі турда 6 желтоқсан күні «Нантқа» қонаққа барады.