27.06.2026 03:04
Франция Норвегияны тізе бүктірді
27.06.2026 03:04
Әлем чемпионатының үшінші турында Франция Норвегиядан басым түсті

АҚШ-тың Фоксборо қаласында өткен кездесуде 4:1 есебі тіркелді. Франция сапында Осман Дембеле хет-трик жасаса, Дезире Дуе бір гол соқты. Ал Норвегия құрамында жалғыз Тело Осгор мергендік танытты.
Осылайша Дидье Дешам шәкірттері тоғыз ұпай жинап, топтан бірінші орынмен шықты. Ал алты ұпайы бар «викингтер» плей-офф кезеңіне екінші орынмен жолдама алды.